
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксуорсимен, сондай-ақ International Hospitals Group және Turar Healthcare компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар әріптестік қатынастардың тұрақты сипаты мен денсаулық сақтау саласындағы дамудың ұзақ мерзімді векторын атап өтіп, елдердің арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
А. Әлназарова Ұлыбритания Қазақстанның негізгі әріптестерінің бірі болып табылатынын, ал өзара іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі жаңа бірлескен бастамаларды іске асыру үшін негіз құратынын атап өтті.
Саланың медициналық инфрақұрылымы мен инвестициялық әлеуетін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, фармацевтика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері, соның ішінде AstraZeneca компаниясымен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі қарастырылды.
Тараптар медициналық инновациялар, ғылыми зерттеулер және медицина кадрларын даярлау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға дайындығын растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1156995?lang=kk

Жауап қалдыру