
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Жетісу облысы, Панфилов ауданында сайлау комиссиясы мүшелерімен «сұрақ-жауап» форматында «Сайлау комиссиясының топтық жұмысы: кәсіби біліктілік, жауапкершілік, сенім» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шараға Жетісу облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Даутов қатысып, өз сөзінде кәсіби біліктілікке, жауапкершілікке және сенімге негізделген топтық жұмыс сайлау комиссиясының тұрақты әрі нәтижелі қызметін қамтамасыз ететінін атап өтті.
Комиссия мүшелері 5 топқа бөлініп, өзара сайлау заңнамасынан ситуациялық сұрақтар қойды.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік топтар ерекше атап өтіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov/press/news/details/1157006?lang=kk

Жауап қалдыру