
Алтай қаласындағы Мәдениет үйінде Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мектеп оқушыларымен және студенттермен кездесті. Интерактивті алаң аясында түрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, полиция қызметінде қолданылатын арнайы кәсіби құрал-жабдықтар таныстырылды.
– Шара барысында полиция полковнигі Марат Баяндинов жеке жауапкершіліктің маңызы мен ведомстволық білім берудің артықшылықтары туралы әңгімелеп, бұл ойларын ресми нұсқаулық ретінде емес, тәжірибелі тәлімгердің шынайы кеңесі ретінде жеткізді. Кездесуге «Жас сақшы» кадет сыныбының тәрбиеленушілері мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі ерекше реңк берді. Олардың сахналық нөмірлері полиция қызметі тек тәртіп пен жауапкершілікке ғана емес, өзін-өзі дамыту мен белсенді өмір салтына да мүмкіндік беретінін көрсетті, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.
Кездесу соңында ашық форматтағы диалог ұйымдастырылып, қатысушылар полиция қызметіне қатысты өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Бұл кейбір жастардың болашақ мамандық таңдауда нақты шешім қабылдауына ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1157943?lang=kk

Жауап қалдыру