
Түркістан облысында таеквондодан (WT) жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан 700-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Атап айтқанда, 44 кг салмақта елорда спортшысы Айым Серікбаева алтын медаль жеңіп алды; 52 кг салмақта астаналық Шералы Элеонора да қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды; 59 кг салмақ дәрежесінде Әділ Тілеубай қола медаль иеленді.
Айта кетейік, Астана қаласының спортшылары Шералы Элеонора (-52 кг) мен Айым Серікбаева (-44 кг) 17-21 сәуір күндері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1157498?lang=kk

Жауап қалдыру