
Атырау облысының делегациясы Астрахан қаласында өткен «Тұқымдар, өсімдіктерді қорғау құралдары, агротехнологиялар. Астрахан-2026» атты 14-ші халықаралық мамандандырылған көрме-конференцияға қатысты.
Іс-шара аясында өңір өкілдері агротехнологияларды дамыту, өсімдіктерді қорғау және ауыл шаруашылығы өндірісін жетілдіру мәселелеріне арналған семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысты. Құрманғазы ауданының фермерлері үшін топырақты өңдеу және мал азықтық дақылдар өсіру мәселелері ерекше қызығушылық тудырды.
Көрме барысында атыраулық шаруалар Астрахан облысының фермерлерімен тәжірибе алмасып, бақша дақылдарын өсіру бойынша кеңес алды. Сонымен қатар, өсімдіктерді қорғау құралдарын жеткізу жөнінде бірқатар уағдаластықтар жасады.
Іс-шара қорытындысында шекара маңындағы аумақтарда шегірткеге қарсы күрес бойынша бірлескен іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-astrakhan/press/news/details/1157893?lang=kk

Жауап қалдыру