
Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров Ішкі істер органдарында жылдар бойы абыройлы, мінсіз қызмет еткен бірқатар қызметкерлерді зейнеткерлік демалысқа құрметпен шығарып салу рәсімін өткізді.
Қиындығы мен қаупі қатар жүретін салаға өлшеусіз үлес қосқан қызметкерлер қатарында полиция подполковнигі Жәнібек Қуанышов, полиция майоры Керім Қапашов, полиция майоры Дәулетберген Момбеков, полиция капитаны Сухбатилла Эргешов бар.
Полиция генерал-майоры А.Заппаров аталған қызметкерлерді ел тыныштығы жолындағы адал еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапаттап: «Сіздерге саналы ғұмырларыңызды қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге арнағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Зейнеткерлік – демалыс емес, өмірдің жаңа кезеңі. Сондықтан алдағы өмірлеріңізге мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке тілейміз!»,-деп жеке құрам атынан ізгі тілегін арнады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1157915?lang=kk

Жауап қалдыру