Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері өңірлік директор Крис Ло бастап келген Гонконгтың Сауданы дамыту жөніндегі кеңесінің делегациясымен кездесу өткізді.
Тараптар инвесторлардың құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін, Кеңестің қызметін, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Крис Ло мырза елдің инвестициялық имиджін жақсартуда Комитет құрудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, ол шетелдік бизнеске Қазақстандағы құқықтық кепілдіктер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау құралдары туралы ақпарат беруге дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта өзара іс-қимыл жасауға мүдделі екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1157528?lang=kk

Жауап қалдыру