
Қосарал ауылдық округінің әкімі Байқадамова А.Ж. Қынарал жалпы білім беретін мектебінің 9,10,11-сынып оқушыларымен “Менің мамандығым – мемлекеттік қызметкер” тақырыбында кәсіпке бағдарлау іс-шарасын өткізді. Кездесу барысында ол мемлекеттік қызметке түсу талаптары, қажетті базалық білім, мемлекеттік қызметкерлердің алдында тұрған негізгі міндеттер, сондай-ақ белгіленген шектеулер мен жауапкершілік туралы айтып берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-kosaral/press/news/details/1157629?lang=kk

Жауап қалдыру