Полиция 700-ге жуық шетелдік студентке көші-қон заңнамасын түсіндірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Ержан Сапарбаев шетелдік студенттермен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтарының болу тәртібін түсіндіру және студенттердің құқықтық сауатын арттыру.

Іс-шараға М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 700-ге жуық шетелдік студенті қатысты.

Кездесу барысында Ержан Сапарбаев, шетел азаматтарының визада немесе ресми тіркеуде көрсетілген мекенжай бойынша тұруға міндетті екеніне тоқталып, көші-қон заңнамасын бұзған жағдайда заңда көзделген тиісті шаралар қолданылатынын ескертті.

Сонымен қатар, кездесу барысында шетелдік студенттердің құқықтары мен олардың күнделікті қауіпсіздігіне қатысты мәселелер қозғалды. Қатысушыларға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кезде атқарылатын іс-қимылдар жөнінде ақпарат берілді.

Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар шетелдік студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ оқу орнында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1157735?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді