
Қызылорда облысы Полиция департаментінде барлық басқарма мен бөлімдердің жеке құрамының қатысуымен кезекті арнайы даярлық сабағы ұйымдастырылды.
Аталған сабақ Қызылорда облысы ПД Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бисен Бағлан Серікбайұлының төрағалығымен өтті. Іс-шара барысында 5 негізгі тақырып қамтылып, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған мазмұнды баяндамалар жасалды.
Сабақ аясында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер, шет елге шығу тәртібін сақтау талаптары, сондай-ақ алаяқтық қылмыстарының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Баяндамашылар ұсынған ақпараттар бойынша тәртіп сақшылары өз пікірлерін ортаға салып, қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелерге қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Мұндай арнайы даярлық сабақтары полиция қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, қызметтік міндеттерін сапалы атқаруына оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1157103?lang=kk

Жауап қалдыру