
Әлеуметтік желілерде ірі қара малды тәркілеу мен жою туралы таралған бейнематериалдар Қазақстанға қатысы жоқ екендігін хабарлаймыз.
Ел аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу немесе мәжбүрлі түрде жоюға қатысты кез келген іс-шаралар қолданыстағы заңнамаларды қатаң сақтай отырып – тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шешімі негізінде және жергілікті атқарушы органдардың міндетті түрде шектеу шараларын енгізуімен жүргізіледі. Бұндай іс-шаралар туындаған жағдайда тек республикалық эпизоотияға қарсы отряды тарапынан жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шектеу шараларын енгізу туралы шешімдер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын тәркілеу және жою жөнінде нұсқамалар қабылданған жоқ.
Тек ресми мәліметтерге сенуді және халық арасында негізсіз алаңдаушылық тудыратын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1157466?lang=kk

Жауап қалдыру