Сегізінші шақырылымдағы
аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІІІ-сессиясын
шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 19-бабы 3-тармағы 1-1)тармақшасына сәйкес сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІІІ-сессиясы 2026 жылдың 12 ақпанында сағат 1100-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІІІ-сессиясы 2026 жылдың 12 ақпанында сағат 1100-де Т.Рысқұлов ауылында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.
Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй, (3 қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 0930-дан бастап жүргізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026 жылдың 12 ақпанында сағат 1000-де өтеді.
Сессия қарауына енгізілетін мәселе:
- Майлыкент ауылдық округіне қарасты Т.Рысқұлов ауылындағы Құланды көшесіне «Дабылов Мақсат Ералыұлының» есімін беру туралы ұсынысты облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы С.Сарсенбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-tulkubas/press/news/details/1157227?lang=kk

Жауап қалдыру