Сегізінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясын шақыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы 2026 жылғы 11-ші ақпан күні, сағат 11-00 де Шардара қаласына шақырылсын.

Сессия қарауына келесі мәселелер ұсынылсын:

1. Шардара аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №46-243-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №26-165-VІІ «Шардара аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №17-85-VІІІ «Шардара ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аудандық мәслихат төрағасы                          Б.Муталиев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shardara/press/news/details/1157806?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді