Семей қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасын салтанатты түрде ұлықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай  Бердикеновты 75 жылдық мерейтойымен құттықтау іс-шарасына қатысты.

Кездесу барысында мерейтой иесіне көп жылғы адал еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі және өңірдің рухани-мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірілді.

Еңбегі мен қоғамдық қызметі үшін Кенжебай Құсманұлына мәслихат төрағасы мен қала әкімі атынан Құрмет грамотасы табысталды.

Іс-шара соңында мерейтой иесіне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық және қоғамдық қызметіне толағай табыстар сияқты ізгі тілектер айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1157235?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді