
Семей қаласындағы «№11 ЖОББМ» КММ базасында
«Жапон мемлекетінің білім беру тәжірибесі және оны Абай облысының білім беру жүйесінде қолдану»тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинар Абай облысы білім беру мекемелерінде жапондық білім беру жүйесінің тиімді тәжірибелерін енгізуге арналды.Пленарлық бөлімде жапондық білім беру тәжірибесінің білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруға, мектеп мәдениетін дамытуға және қолайлы білім беру ортасын құруға бағытталған маңыздылығы атап өтілді.
Астана және Семей қалаларынан келген спикерлер жапондық білім беру моделін қазақстандық мектептердің тәжірибесіне енгізудің теориялық тәсілдері мен табысты кейстерін ұсынды.
Семинардың практикалық бөлімінде шеберлік сабақтары, тимбилдинг және сахналық қойылымдар көрсетілді: «Бала қауіпсіздігі – басты құндылық» (№37 гимназия); «Кидзания — мамандықтар әлемі» (№8 «Балбөбек» бөбекжай-балабақшасы); «Сэмпай–Кохай», «Сенсей–Шәкірт» ( «№11 ЖОББМ» КММ); «Эстафеталық кайдзен» («№44 ЖОББМ» КММ).Семинар аралас форматта- онлайн және оффлайн өтті.Соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1157446?lang=kk

Жауап қалдыру