Үстел теннисінен облыстық жарыста Успен ауданының командасы жүлделі орындарға ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 5–6 ақпан күндері Павлодар қаласында мектеп оқушылары арасындағы ІІІ облыстық Гимназиада бағдарламасы аясында үстел теннисінен облыстық жарыстар өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша қыздар командасы құрамында:
Зощук Ирина, Канапина Сабина (Таволжан ЖОББМ), Жақсыбек Айзада (Қозыкеткен ЖОББМ) — III орынға ие болды.

Ұлдар командасы құрамында:
Зощук Александр, Халиков Руслан, Рафаил Карим (барлығы Таволжан ЖОББМ) — II орынға қол жеткізді.

Жалпы командалық есепте Успен ауданының құрамасы III орын иеленді.

Команданы дайындаған жаттықтырушылар:
Халанский А.М. — Таволжан ЖОББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі,
Омельницкая О.А. — Таволжан ЖОББМ спорт нұсқаушысы,
Баймульдинов Қ.Ж. — Қозыкеткен ЖОББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Жүлдегер спортшыларды және жаттықтырушыларды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uspen-bilim/press/news/details/1157376?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді