«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2026 жылғы 9-11 ақпанаралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізеді.

Олимпиадаға 152 қатысушы қатысады.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.

Олимпиаданың мақсаты:

– мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

– қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;

– оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиадасының негізгі міндеттері:

– оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру;

– тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.

«Жарқын болашақ» олимпиадасына қазақ тілді (ұлты қазақ) және қазақ тілді емес (өзге ұлт өкілдері) 7-11-сыныпта оқитын оқушылар қатыса алады.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізіледі:

1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);

2.«Білгірлер бәйгесі» (халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс);

3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс),

4.«Сөз шеберлері» (шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);

5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасыныңІ, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1157731?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді