
2026 жылдың 10 ақпанында Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, оның барысында депутаттар бірқатар мәселелерді қарап, бекітті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
▪️ мәслихаттың кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының шешіміне өзгерістер енгізу;
▪️ 2026 жылға арналған аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту;
▪️ аудандық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына қатысты мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізу.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1158506?lang=kk

Жауап қалдыру