
Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар арасындағы өзара байланыс алынып тасталды. Осыған байланысты әлеуметтік салықтың дербес мөлшерлемесі 6 % деңгейінде белгіленді.
Бұрын қолданыста болған жеке табыс салығы мөлшерлемесін 70 %-ға азайту тетігінің орнына жекелеген салық төлеушілер үшін әлеуметтік салықтың бөлек мөлшерлемелері енгізілді, атап айтқанда:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін — 1,8 %;
жалпыға бірдей салық салу режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшін — өзі үшін 0,6 АЕК, әрбір жұмыскер үшін 0,3 АЕК.
Арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер үшін әлеуметтік салық төлеуден босату көзделген, оның ішінде:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатындар;
шаруа немесе фермер қожалықтары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1158672?lang=kk

Жауап қалдыру