
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты А.Т. Оқас өз қызметінде Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын табысты жүзеге асырып келеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында 2024 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан жас маман қысқа мерзім ішінде өзін жоғары жауапкершілікке ие, кәсіби білікті және қағидатшыл қызметкер ретінде көрсете білді.
Қызмет барысында ол қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама талаптарын терең меңгеріп, күрделі жағдайларда заңға сай, негізделген процессуалдық шешімдер қабылдай алады. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты жұмыс нәтижесі.
Кәсібиліктің жарқын үлгісі ретінде 2025 жылғы 19 қарашада Есік қаласында орын алған ұрлық дерегін қысқа мерзімде әшкерелеуін атауға болады. Автокөлікке заңсыз кіру арқылы жасалған қылмыс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеуші оқиға сәтінен бастап жедел түрде барлық қажетті іс-шараларды ұйымдастырды.
Нәтижесінде, бар болғаны 6 сағат 3 минут ішінде қылмыстық істің барлық материалдары толық қалыптастырылып, аудан прокуратурасына жолданды. Бұл — заң талаптарының мүлтіксіз орындалуының, жәбірленуші мүддесінің қорғалғанының және қылмыстың жазасыз қалмайтынының айқын дәлелі.
Ағымдағы жылдың басынан бері А.Т. Оқас сотқа 37 қылмыстық істі жолдаса, оның 22-сі ауыр санаттағы қылмыстарға жатады. Бұл — жоғары қызметтік жүктемеге қарамастан, жұмыс сапасының тұрақты екенін көрсетеді.
Қазіргі таңда оның өндірісінде 12 қылмыстық іс бар. Барлық істер бойынша заң талаптарына сай түпкілікті шешім қабылдау жоспарлануда.
Осындай кәсіби, жауапты және адал қызметкерлердің еңбегі — «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде жүзеге асырудың нақты көрінісі. Олар ішкі істер органдарының беделін арттырып, қоғамның полицияға деген сенімін нығайтуға зор үлес қосуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1158086?lang=kk

Жауап қалдыру