
Хромтау ауданында допты хоккейден аудан әкімінің кубогіне арналған турнир өтті. Спорттық шараға Қызылсу, Дөң және Бөгетсай ауылдарының командалары қатысты. Жарысқа жастармен қатар ересек тұрғындар да қатысып, спорттық белсенділікке кеңінен тартылды.
Іс-шара бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ауыл тұрғындарының спорт арқылы өзара байланысын нығайтуға бағытталды. Турнир барысында командалар ұйымшыл ойын көрсетіп, спорттық тәртіп пен өзара құрмет қағидаттарын сақтады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын — Қызылсу ауылы
ІІ орын — Дөң ауылы
ІІІ орын — Бөгетсай ауылы
Жекелей номинациялар бойынша:
«Үздік қақпашы» мадақтамасымен Орынғазы Фархад табысталды.
«Үздік ойыншы» мадақтамасымен Талғат Болатов марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге тиісті марапаттар тапсырылды. Ұйымдастырушылар мұндай спорттық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1158683?lang=kk

Жауап қалдыру