LADA GRANTA автокөлігі Разин көшесінде жол жиегіне түсіп кетті: зардап шеккендер жоқ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 ақпанда шамамен сағат 23:50-де Семей қаласында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 43 жастағы әйел адам LADA GRANTA автокөлігін басқарып келе жатып, Разин көшесімен Усть-Каменогорская көшесінен Найманбаев көшесі бағытына қарай қозғалған. Жүргізуші көлікті басқара алмай, нәтижесінде автокөлік кюветке аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша материалдар белгіленген тәртіппен процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданатын болады.

Абай облысының полициясы ескертеді: түнгі уақытта және қысқы жол жағдайында жылдамдық режимін қатаң сақтау, күрт маневрлерден аулақ болу және қауіпсіз арақашықтықты сақтау аса маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1158790?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді