Маңғыстауда есірткіге қарсы акция аясында дзюдо турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Маңғыстауда есірткіге қарсы акция аясында дзюдо турнирі өтті

Өткен сенбі күні Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғановтың жетекшілігімен есірткіге қарсы іс-қимыл және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дзюдо турнирі ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шара жергілікті тұрғындар мен Маңғыстау облысы Дзюдо федерациясының бастамасымен және полицияның қолдауымен өткізілді. Турнирге 200-ден астам адам қатысып, спортшылар, жаттықтырушылар мен қоғам өкілдері белсенділік танытты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында спортты насихаттау, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру және полиция мен қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.

Турнир қорытындысы бойынша Полиция департаментінің бастығы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, әрқайсысына Алғыс хат табыстады.

Маңғыстау облысының полициясы қоғамның қауіпсіздігі мен салауатты ұрпақ тәрбиесіне бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1157960?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді