
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Түнгі кітапхана» жобасы аясында Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Тула жүрек» атты поэзия кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – ақынның рухани мұрасын насихаттау, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Кеш барысында Болашақ колледжінің студенттері мен Ұлттық ұланның 5574 әскери бөлімінің сарбаздары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ашық микрофон форматында еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Қазақстанның құрметті журналисі Роза Нарымбетова, ардақты ұстаз, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Несіпкүл Өтебаева, елімізге белгілі композитор, журналист, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Бекжігіт Сердәлі сөз сөйлеп, Мұқағали Мақатаев шығармашылығының ұлт руханиятындағы орны мен поэзия кешінің тағылымдық маңызын атап өтті.
Айта кетейік, «Тула жүрек» поэзия кеші түнгі тыныштықта жыр мен терең ойды тоғыстырған мазмұнды рухани алаңға айналып, оқырман қауымға ерекше әсер қалдырды.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1158517?lang=kk

Жауап қалдыру