Қала жолдарында қар тазалау және көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 10 ақпан күні Ақтау қаласы аумағында қардан тазалау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Алдымен жол қозғалысы үшін қауіпті аймақтар, қоғамдық көлік бағыттары, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарға кіреберіс жолдар мен жаяу жүргіншілер қозғалысы көп аумақтар тазалануда.

Сонымен қатар, көктайғақтың алдын алу мақсатында жол жамылғыларына құм аралас тұз себілуде.

Қардан тазалау және тайғаққа қарсы жұмыстар алдағы уақытта да ауа райы жағдайына байланысты тұрақты түрде жалғасатын болады.

Айта кетейік, бүгін түске дейінгі уақытта қала жолдарына 50 тоннаға жуық инертті материал себілді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1158547?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді