
2026 жылдың 6 ақпанда Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында судья З.Байназарова әкімшілік рәсімдер – процестік кодекске енгізілген негізгі өзгерістерді яғни тыңдау рәсімі мен оның барысында жасақталатын хаттамаға, жазбаша қабылданған әкімшілік актінің мазмұны мен шағым беру мерзіміне қатысты мәселелерге тоқталды.
Дөңгелек үстелге Атырау облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының, Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, басқа да мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Қатысушылар мемлекеттік орган мен азамат арасындағы дауларды сотқа жеткізбей шешу жолдарын, әкімшілік актілерді қабылдау барысында заң талаптарын сақтау мәселелерін талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан – жақты жауап беріліп, ӘРПК нормаларын тәжірибеде қолданудың маңыздылығына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-karzhy/press/news/details/1158054?lang=kk

Жауап қалдыру