
2026 жылғы 10 ақпанда Ұлытау облысындағы «AMANAT» партиясы ҚҰ филиалында Департамент басшысы А. Сатаева азаматтарды қабылдады. Қабылдауға Департаменттің МСЭ ОМК бөлімінің басшысы А. Ергазинова қатысты.
Аталған іс-шара облыс тұрғындарын алаңдатқан өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ уәкілетті органдар тарапынан кері байланыс алу мақсатында ұйымдастырылды.
Қабылдау барысында азаматтардың сұрақтары тыңдалып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1158647?lang=kk

Жауап қалдыру