Әуезов ауданындағы кітапхана тәулік бойы жұмыс істей бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақпан айынан бастап ауданымыздағы Қазақстан жазушылары кітапханасының филиалы 24/7 режимінде жұмыс істей бастады.

Қазіргі таңда кітап қоры 35 000 дананы құрайды. Оның ішінде заманауи әдебиеттер, жасанды интеллект тақырыбындағы еңбектер, қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындылары бар. Студенттер мен келушілерге барлық жағдай жасалған: тегін интернет, компьютерлік бөлме, жайлы оқу залдары қарастырылған. Сонымен қатар зағип жандарға арналған арнайы оқу құралдары да жабдықталған.

Кітапхана 11-шағынауданда, Алтынсарин даңғылы бойындағы №37 үйде орналасқан. 1962 жылы ашылған бұл нысан бүгінде Әуезов ауданындағы жетекші зияткерлік орталықтардың бірі саналады.

2020 жылы жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін кітапхана кеңістігі заманауи әрі келушілерге қолайлы форматта қайта жабдықталды. Жалпы аумағы – 410 шаршы метр. Кітап қоры 40 мыңнан асады, ал жыл сайынғы келушілер саны 145 мың адамды құрайды.

Мұнда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған арнайы жұмыс орындары қарастырылған, электронды оқу залы жұмыс істейді. Сондай-ақ RFID радиожиілікті сәйкестендіру жүйесі енгізілген және «Almaty-library» кітапханалық-ақпараттық жүйесі қолжетімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1159550?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді