
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы жаңа Конституциясы жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара «Тұлпар» және «Аймақтау» сауда үйлерінің қызметкерлері мен жалға алушыларына арналды.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында көзделген елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді.
Атап айтқанда, Конституцияда халықтың биліктің бірден-бір бастауы екендігі конституциялық деңгейде нақты бекітілгені, бұл мемлекеттік органдардың азаматтардың еркі негізінде қалыптастырылуын қамтамасыз ететіні және демократиялық басқару қағидаттарын күшейтетіні айтылды.
Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің кеңейтілгені, заң үстемдігі қағидатының нығайтылғаны, сондай-ақ шешім қабылдау рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығына басымдық берілгені атап өтілді. Бұл қоғамдағы сенімді арттыруға және құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1159339?lang=kk

Жауап қалдыру