
Кестеге сәйкес Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауды өткізді.
Қабылдау барысында аудан әкіміне кәсіпкер Қаражар ауылы аумағынан саябақ ұйымдастыру, жасыл аймақ құру, ағаш отырғызу және абаттандыру элементтерін орналастыру үшін жер учаскесін бөлу туралы ұсыныспен жүгінді. Сонымен қатар, өтініш иесі жарықтандыру жабдықтарын орнату жөнінде коммерциялық ұсыныс енгізді.
Аудан әкімі өтініш иесін мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берді, сондай-ақ көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, белгіленген мерзімде тиісті шаралар қабылдауды жауапты тұлғаларға тапсырды.
Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1159697?lang=kk

Жауап қалдыру