Аудан әкімі дауыс берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінде орналасқан №155 сайлау учаскесіне барып, кент әкімінің сайлауында дауыс берді. Аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат депутаттары Алмас Есназар, Ақтөре Ибрагимұлы барып, өз таңдауларын жасады.
– Кент әкімін сайлау – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы маңызды қадам. Әрбір тұрғынның дауысы аудан орталығының алдағы дамуына тікелей әсер етеді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Айта кетейік, бүгін Тереңөзек кенті әкімінің сайлауы өтіп жатыр. Бұл – тұрғындардың жергілікті басқару ісіне тікелей қатысуына мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан. Сайлау учаскелерінде қауіпсіздік шаралары сақталып, дауыс беру процесі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1159064?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді