
3–6 ақпан аралығында Орал қаласында өткен облыстық «Ақшақар – 2026» шаңғы туризмі техникасынан Бөрлі ауданының командасы тамаша нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте І орынды иеленді.
Жарыс салауатты өмір салтын насихаттау және республикалық кезеңге үздік командаларды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Үш бағыт бойынша өткен қашықтықтар мен конкурстық бағдарламалар қорытындысында бөрліліктер көш бастады.
Жеке нәтижелер:
• «Байлам» қашықтығы (балалар тобы), ұлдар жұбы
Мухамбетов Н. / Камашев Р. – І орын 🥇
• «Байлам» қашықтығы, аралас жұп
Алипов Б. / Оразалы А. – І орын 🥇
• «Байлам» қашықтығы, жалпы командалық есеп – ІІІ орын 🥉
• «Эстафета» қашықтығы – І орын 🥇
• «Техникалық» қашықтығы – І орын 🥇
• «Далалық газет» байқауы – ІІ орын 🥈
• «Үздік команда көрсетілімі» байқауы – ІІ орын 🥈
Команда құрамы:
Оразалы А., Ишанов Е., Мухамбетов Н., Танжариков Ш., Камашев Р., Алипов Б., Орынғали М., Ахметжанов М.
Команданы жарысқа дайындаған жетекшілер К.Неталиев пен О.Сарсеноваға зор алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1159385?lang=kk

Жауап қалдыру