«Келешек мектептері» білім беру қызметіне мониторинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 15 желтоқсандағы министр Ж.Д. Сүлейменованың төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша берілген №50 хаттамалық тапсырманың 5.4 тармағын орындау мақсатында 2026 жылғы 11 ақпанда Петропавл қаласының №28 орта жалпы білім беретін мектебінің қызметіне мониторинг жүргізілді.

Мониторингті Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері облыстық әдістемелік орталық мамандарымен бірлесе отырып жүзеге асырды.

Іс-шара аясында мектептің жұмысына кешенді талдау жүргізілді: кадрлық қамтамасыз ету мәселелері, ішкі мектептік бақылау жағдайы, педагогтардың біліктілігін арттыру курстарынан өтуі, сондай-ақ «Адал Азамат» бағдарламасының іске асырылуы қаралды. Арнайы назар оқулықтармен қамтамасыз етілуге, мектеп ғимаратының, оқу кабинеттерінің, жалпы пайдаланылатын орындардың және мектептің жан-жайындағы аумақтың санитарлық жағдайына, сондай-ақ оқушылар мен педагогтер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға аударылды.

Мониторинг қорытындысы бойынша мектептің қызметі тиісті деңгейде ұйымдастырылғаны, білім беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылатыны анықталды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1159374?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді