
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Серік Кеңесұлы Әшіровтің төрағалығымен өткен кеңеске қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:
- Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.
- Тиісті лицензиясыз білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдар туралы.
Бірінші мәселе бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат басқармасының басшысы Уәлихан Нұрмаханбетұлы Құрамаев баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша Білім беру саласын бақылау және лицензиялау басқармасының бас сарапшылары Жұлдыз Жеңісқызы Аужанова мен Құралай Кенжеболатқызы Әбеуова ақпарат берді.
Кеңес қорытындысы бойынша Комитет төрағасы аумақтық департамент басшыларына аталған бағыттардағы бақылау мен мониторингті күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1159277?lang=kk

Жауап қалдыру