Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда
12 ақпан күні Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының аумағында терроризмге қарсы Сарысу аудандық жедел штабымен «Жаңатас-Антитеррор-2026» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
 
 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1159491?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді