Саумалкөлде 2026 жылғы 6 ақпанда 7–8 сынып оқушылары арасындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2 базасында 7–8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Саумалкөлде 2026 жылғы 6 ақпанда 7–8 сынып оқушылары арасындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2 базасында 7–8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Зияткерлік сайысқа алдыңғы кезеңдерде жоғары нәтиже көрсеткен ауданның үздік оқушылары қатысты.
Облыстық кезеңге аудан атынан барлығы 26 оқушы қатысты: 14 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт (ҚГБ), 12 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыт (ЖМБ) бойынша. Қатысушылар өз мектептерін лайықты деңгейде таныстырып, терең білімдерін, табандылықтарын және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті.

ҚГБ бағыты бойынша нәтижелер:
І орын – Исмаилжанова Солиха, Саумалкөл №1 орта мектебінің 7-сынып оқушысы (орыс тілінде оқытылатын қазақ тілі);
Еқсан Сара, Мәдениет орта мектебінің 8-сынып оқушысы (қазақ тілі мен әдебиеті).
ІІІ орын – Плотников Артём, Саумалкөл №1 орта мектебінің 8-сынып оқушысы (орыс тілінде оқытылатын қазақ тілі);
Әшім Інжу, Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2-нің 7-сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытылатын орыс тілі мен әдебиеті);
Асылбекова Асима, Саумалкөл қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытылатын орыс тілі);
Мозговая Александра, Қазан орта мектебінің 8-сынып оқушысы (ағылшын тілі).
ЖМБ бағыты бойынша нәтижелер:
ІІ орын – Гончарук Михаил, Саумалкөл №1 орта мектебінің 7-сынып оқушысы (биология).
ІІІ орын – Гришанова Пелагея, Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2-нің 7-сынып оқушысы (география);
Леонченко Ефим, Саумалкөл мектеп-гимназиясы №2-нің 8-сынып оқушысы (география);
Богомолов Даниил, Арықбалық орта мектебінің 7-сынып оқушысы (математика).
Осындай деңгейдегі олимпиадаға қатысу — оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытудағы маңызды қадам, өз қабілеттерін танытып, жарыс тәжірибесін жинақтауға үлкен мүмкіндік.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1159042?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді