Семейде қолайсыз ауа райында жол көлік оқиғалары тіркелуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 ақпанда 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Ал, 10 ақпан күні алты жол-көлік оқиғасы орын алған.

“Аталған жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер жоқ. 10 ақпанда тіркелген алты жол-көлік оқиғасының біреуі Семей қаласындағы Қаржаубайұлы көшесінде автобус пен «Cobalt» маркалы автокөліктің соқтығысуымен байланысты. Сондай-ақ Восточный шағынауданы, Апрель ықшамауданы маңы және Аймауытов көшесінде де көлік апаттары тіркелді. Оның ішінде бір автобус және бір жүк көлігі, қалғандары жеңіл автокөліктер. Сонымен қатар, республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ”.

‼️Полиция қызметкерлері жүргізушілерге ауа райының қолайсыз кезеңінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдық режимін асырмауға және қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1159331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді