Жасанды интеллектті қолдана отырып өткізілетін сабақтардың әдістемелік галереясы (Жасанды интеллектті дамыту және енгізу жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 ақпанда жасанды интеллектті қолдана отырып өткізілетін сабақтардың әдістемелік галереясы өтеді.

Мақсаты: білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуға арналған әдістемелік алаң құру, оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың сыни ойлауын, цифрлық және метапәндік құзыреттерін дамыту, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету және оқытудың инновациялық әдістерін енгізу.

Қатысушылар: пән мұғалімдері, «Жасанды интеллектті қолдана отырып өткізілген үздік сабақ» конкурсының жеңімпаздары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушы студенттер.

Өтетін орны мен уақыты: С. Аманжолов атындағы ШҚУ (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34), басталуы сағат 9:00-де.

Ұйымдастырушылар: ШҚО ББ «Өркен» білім беруді ақпараттандыру және дамыту жөніндегі Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы КЕАҚ «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен» бірлесіп.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1159455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді