ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
 
Жібек жолы ауылдық округінде аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы және Сарыағаш аудандық мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы Ибрагимов Шермат Бегматұлы тұрғындармен ашық форматта кездесу өткізді.
 
Жиын барысында аудан әкімдігі мен мәслихаттың өткен бір жылдағы қызметінің қорытындылары баяндалып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі бағыттар таныстырылды.
 
Кездесуге қатысқан тұрғындар өзекті мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын білдірді. Көтерілген сұрақтар бойынша тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
 
Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалды. Әрбір мәселе заңнама талаптарына сәйкес қаралып, шешу жолдары түсіндірілді.
 
Аталған кездесуге аудандық мәслихат депутаттары Е. Тешебаев және Н. Делишев қатысты.
 
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1159607?lang=kk