Полиция ескертеді: банк картасын басқа адамдарға беру арқылы сіз алаяқтық әрекеттерге сыбайлас болуыңыз мүмкін. Картаңызды «уақытша» сұраса немесе ол үшін ақша ұсынса да — карта арқылы жасалған барлық операцияларға өзіңіз толық жауапты боласыз.
❗ Картаны беру келесі салдарға әкелуі мүмкін:
• заңсыз ақша аударымдары мен несиелерді рәсімдеу
• картаны алаяқтық схемаларда пайдалану
• қылмыстық жауапкершілікке тартылу
🔒 Банк картасын, ПИН-кодты және деректеріңізді бөгде адамдарға ешқашан бермеңіз.
Қаржыңыздың қауіпсіздігін сақтап, заң талаптарын орындаңыз! 🚔
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1160488?lang=kk

Жауап қалдыру