
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде әкімшілік сот ісін жүргізудегі өзгерістерге арналған техникалық оқу өтті.
Оқу барысында қатысушыларға әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде әкімшілік құқық қолдану практикасының аясын кеңейту таныстырылды.
Сондай-ақ заңнаманы қолдану кезінде туындайтын проблемалық және өзекті мәселелер талқыланып, жаңа жағдайларда құқық қолданудың практикалық аспектілеріне талдау жасалды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға әкімшілік рәсімдер мен сот ісін жүргізуге қатысатын тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін заңнамада көзделген әкімшілік әділет тетіктерін белсенді пайдалану ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1160275?lang=kk

Жауап қалдыру