
Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары Ольга Андрющенко, Нұр-Сәуле Байбулатова, Русана Сулаймонова және қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Игорь Веретнов «Жігер» қосымша білім беру орталығының меңгерушілерімен кездесіп, еліміздің Конституциясының жаңа редакциясына ұсынылып отырған өзгерістерді талқылады.
⠀Қатысушылар Негізгі заң жобасының заманауи талаптарға, қоғам үмітіне және мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына сай келетінін атап өтті.
⠀Конституция деңгейінде алғаш рет әділдік, заңдылық және тәртіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау сияқты қағидалар бекітілді.
⠀Сондай-ақ, Қазақстандағы мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендіктің иесі халық екендігі баса айтылды.
⠀Кездесу барысында депутаттар қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1160010?lang=kk

Жауап қалдыру