Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бекбауыл ауылдық клубының ұйымдастыруымен 9 ақпан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналып “Жыр – жүректің үні” атты поэзия кеші өткізілді. Кештің мақсаты – қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру. Іс-шара барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы тыныстырылып, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Әншілер ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Сондай – ақ қатысушылар арасында поэзияға деген құрмет айқын көрніс тапты. Әдеби – сазды кешке мәдениет қызметкерлері, өнерпаздар және поэзия сүйер қауым қатысты. Кеш соңында Мұқағали Мақатаевтың шығармалары – ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтардың мәңгілік мұрасы екені тағы бір мәрте атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-bekbauyl/press/news/details/1160491?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді