
Теміртау қаласының прокуратурасында «Құқық тәртібі әліппесі» атты іс-шара өтті, ол «Заң және тәртіп» бастамасы аясында ұйымдастырылды. Кездесуге қатысушылар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және заңдарға құрмет қалыптастыруға бағытталған негізгі принциптермен танысты.
Іс-шараға қала белсенділеру, жастар ұйымдарының өкілдері және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Барлық қатысушылар прокуратура қызметінің бағыттарымен егжей-тегжейлі танысуға, құқық тәртібі бойынша өзекті мәселелерді талқылауға, қызықты сұрақтарын қоюға және пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Мұндай ашық диалог алаңдары қоғам үшін маңызды рөл атқарады: олар құқықтық сауаттылықты дамытуға, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы сенімді нығайтуға, сондай-ақ жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шара мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің заңдылықты күшейту және қалалық тәртіпті сақтау ісіндегі бірлескен жұмысының маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-temirtau/press/news/details/1160076?lang=kk


Жауап қалдыру