
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасын ұйымдастыру ұсынылған болатын. Осыған орай, 2026 жылғы 12 ақпан күні сағат 11:00-де Мақтаарал аудандық дербес бөлімдерінің ғимаратында орналасқан фронт-офисте (Мадиходжаев көшесі, 28 үй) «Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туу туралы куәлігін алу, қамқоршылық, қорғаншылық және бала тәрбиелеу саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында Азаматтық хал актілерін тіркеу және аудандық білім бөлімінің мамандары тарапынан азаматтардың қойған сауалдарына жауаптарын беріп конмсультациялық кеңестер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1160113?lang=kk

Жауап қалдыру