QYZYLORDA: ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Мемлекет басшысы бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешу қажеттігін атап өткен болатын. Осы бағытта Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңесұлы өңір кәсіпкерлерімен жеке қабылдау өткізді. Шараға  Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі және Қызылорда облысы бойынша ЭТТД қызметкерлері  қатысты. Қабылдауға келген бизнес өкілдері қылмыстық істер бойынша қабылданған шешімдер, жаңа салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы сұрақ қойып, нақты жауап алды. Кәсіпкерлердің өтініштері тыңдалып, тиісті құқықтық түсіндірмелер мен кеңестер берілді.  Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы байланысты нығайтып, түсіністікті арттыруға, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және заң талаптарының сақталуына ықпал етеді. Осындай жеке қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1159964?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді