Талдықорған қаласында шахматтан рапид түрі бойынша Жетісу облысының күштік және құқық қорғау органдары өкілдері арасында «SENAT OPEN» III ашық турнирі өтті.
Аталған турнирге Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №71 мекемесінің қызметкерлері, сондай-ақ Талдықорған қаласының пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.
Турнирдің басты мақсаты – қызметкерлердің логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік деңгейін арттыру және салауатты бәсекелестікке баулу.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындықтарын, төзімділік пен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды. Жарысқа қатысқан барлық қызметкерлер жақсы нәтижелер көрсетті.
Талдықорған қаласының пробация қызметінің инспекторы, әділет капитаны Дүйсембекова Шолпан қыздар арасында I орын иеленді.
Турнир жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар үшін мазмұнды әрі әсерлі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1159750?lang=kk

Жауап қалдыру