
Теректі ауданына қарасты Ұзынкөл ауылында өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, жергілікті атқарушы орган өкілдері, сала мамандары және тұрғындар қатысты.
Жаңа ғимарат ауылдық жерлерде азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынды. Жоба құны – 21 млн теңге. Пунктте тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруға мүмкіндік жасалды. Заманауи байланыс құралдарымен, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Ұзынкөл ауылында 222 үй, 852 тұрғын бар. Жаңа бекет бұдан бөлек, Бекей, Барбастау, Жаңа өмір және Кемер сынды елді мекендерді де қамтиды. Салтанатты рәсімде су жаңа арнайы техниканың кілті табысталды. Айта кетейік аталған бағдарлама аясында аймақта барлығы 9 бекет құрылды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1160605?lang=kk

Жауап қалдыру