ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫННАН КЕЙІНГІ САЛДАРДЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында соңғы күндері толассыз жауған жауын-шашын салдарынан су жиналған аумақтарда шұғыл түрде тазалау және суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда арнайы техникалардың көмегімен қала аумағындағы барлық анықталған нүктелерде жоспарға сәйкес, жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тікелей тапсырмасына сәйкес, кәріз жүйесі жүргізілген көшелерде орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру, жол жабындарын ретке келтіру және инженерлік желілердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.
Аталған жұмыстарға қала бойынша 41 бірлік арнайы техника және 100-ден астам сала мамандары жұмылдырылып, тәулік бойы үздіксіз еңбек етуде. Жауын-шашыннан кейінгі жағдайды тұрақтандыру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әкімдіктің басты назарында.
Барлық анықталған аймақтар мен тұрғындардан түскен шағымдар қала басшылығының қатаң бақылауында. Жұмыстар толық аяқталғанға дейін қатаң режимде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1159745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді