Ұлытау облысының аумағында «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталған шараның негізгі мақсаты – қызметтік және спорттық қарудың заңды айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту, сондай-ақ оларды сақтау мен пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес ұйымдастырылған.

Тексеру барысында қару сақталатын объектілердің техникалық жарақтандырылуы, сақтау талаптарына сәйкестігі, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі және қауіпсіздік шараларының орындалуы жан-жақты қаралуда.

Жедел-профилактикалық іс-шара екі кезеңде өткізіледі:

🔹 Бірінші кезең (2–14 ақпан) – қару сақтау пункттері, атқыш тирлер, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері, сондай-ақ қызметтік қаруды пайдаланатын аңшылық және балық шаруашылықтары тексеріледі.

🔹 Екінші кезең (2–20 наурыз) – инкассация қызметтері, спорт ұйымдары, клубтар мен федерацияларда сақталатын қызметтік және спорттық қарудың заң талаптарына сәйкестігі бақылауға алынады.

Полиция департаменті азаматтар мен ұйым өкілдерін қару сақтау және пайдалану талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1160672?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді